Өз әлеуетіңізді ашу үшін өзіңізге лайық номинация таңдаңыз:
Әшекей – қазақ мәдениетіндегі әйелдің өмір жолының, орны мен жөнінің рәмізі. Көзіміздің қарашығындай сақтап келе жатқан дәстүрлерімізді айтайық.
Дән өрнек салу, ширатпа, зерлеу, тас қондыру, қақтау сынды техникаларды жаңаша зерделеу. Қолөнер - осы күннің тілі іспетті.
Сақтардың аң стилі мен табиғаттың асау күштерін қайта зерделеу. Алтын – ұлт жадының жаңғырығы.
Қазақстан сәулетіндегі мәнер мен өрнек: кесенеден – посткеңестік эклектикаға дейін. Сызықтар мен пішіндер — уақыттың куәгерлері.